Бұзақыға әкімшілік айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байғанин аудандық сотында ұсақ бұзақылық дерегі бойынша М.Я.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, М.Я. алкогольдік мас күйінде көшенің бойында сусынның бос шынысын және пакетті лақтырып, ортақ пайдалану орынын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылықты көрсетіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Соттың қаулысымен құқық бұзушы М.Я. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Қодексінің 434-бабының 1-бөлігімен (Ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, оған он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл салынды.          

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі