Әкімшілік істе тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-2-бабы 1-бөлігімен (Тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау) Р.Н.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің құжаттарына сәйкес, алкогольдік масаң күйіндегі азамат Р.Н. өзімен бірге тұратын азаматтық некедегі зайыбы А.Б.-ға қорлап тиісіп, жұдырығымен бетінен бірнеше рет ұрып-соғып, тән ауруына ұшыратып, құқыққа қарсы әрекеттерді жасаған.

Сот отырысында жәбірленуші А.Б. құқық бұзушы Р.Н.-ға кешірім беретінін, олар өзара бітімгершілікке келгендерін айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынып, осы істі тоқтатуды сұрады.

Соттың қаулысымен осы әкімшілік іс Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 64-бабының 1-бөлігіне (Тараптардың татуласуына байланысты әкiмшiлiк жауаптылықтан босату) сәйкес тоқтатылды.

Сонымен қатар, оның жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында оның мінез-құлқына 2 ай мерзімге ерекше талаптар белгілеу туралы Байғанин аудандық ішкі істер бөлімінің өтінішхатын сот қанағаттандырды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі