Дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында «Сот кабинеті» порталы арқылы арыз беру тәртібі»  атты тақырыпта дөңгелек үстел  өткізді.

Аталған іс-шараға судья С.О.Дәріқұлова,  адвокат А.Маханбетов, Шалқар аудандық әділет басқармасының жетекші маманы А.Бақытбекова, Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тіл маманы А.Төлегенова   және сот мамандары қатысты.

 Шалқар аудандық сотының бас маманы Г.Есжанова қатысушыларға «Сот кабинеті» порталы арқылы арыз, талап арыз, сот мәжілісінің хаттамасының көшірмесін беру және сот мәжілісінің хаттамасына ескертпе беру тәртібі туралы түсіндіріп баяндама жасады.

Судья С.О.Дәріқұлова қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара соңыңда  судья С.О.Дәріқұлова  қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі