Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Э» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей, 2017 жылдың  21 қыркүйегінде сағат 15-30 да Ақтөбе қаласы  Промзона ауданында  көлік құралын тексеру барысында оның жүк тасымалдау тауар-көлік жүкқұжатынсыз жүргізгені анықталған, яғни ҚР Инвестиция және  даму  Министрлігінің 2015 жылғы  30 сәуіріндегі «Көлік құралымен жүк тасымалдау ережесін бекіту» туралы №546 бұйрығының 14 тарауының талабын  бұзған, сөйтіп Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571 бабының 2-бөлімінде (.Автомобиль көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу )көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес «Э» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 34 035 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі