«Рухани жаңғыру- мәңгілік ел болудың кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҚР Жоғарғы  Сотында ұйымдастырылған «Рухани жаңғыру- мәңгілік ел болудың  кепілі» атты дөңгелек  үстел қарарын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Мемлекеттік тілдегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы өндіріс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға судьялар, Ақтөбе қалалық прокуратурасының өкілі, Ақтөбе қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің басшылары және бөлімнің учаскелік инспекторлары, әділет  органының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шара барысында төраға А.Қ.Қалмұхамбетов мемлекеттік тілде қозғалатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің санын арттыру уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларына тікелей байланысты екендігін, күнделікті жұмыс жасау барысында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.

 «Дөңгелек үстелге» қатысушылардың назары ішкі істер органдарының өкілдерінің әкімшілік іске қатысты тиісті құжаттар жасақтаған кезде көбінесе орыс тілін қолданатындығына, ал көп жағдайда әкімшілік істер бойынша қатысушылар мемлекеттік тілді қолданатындығына аударылды. Бұл тек қана іс қарауда  қиындық тудырып қана қоймай, іске қатысушылардың  заңды құқыктарының бұзылуына  әкеп соғады.

Шараға қатысушылар тәжірибе барысында туындаған ахуалдармен бөлісіп, пікір алмастырды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі