Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, аз.Ж. конкурстық комиссияның төрағасы бола тұра, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40-бұйрығымен бекітілген «Б» корпусына әкімшілік мемлекеттік лауазымға конкурс өткізу Ережесінің талаптарын, атап айтқанда әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына конкурстық іріктеу жүргізу процедураларын бұзған, сөйтіп Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 99 бабының 1-бөлімінде (бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстық іріктеу рәсімін бұзу) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысына сәйкес азамат Ж. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 47 649 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі