Қобда аудандық соты «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі туралы тақырыпта көшпелі семинар сабағын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда  аудандық соты  «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі туралы тақырыпта көшпелі семинар сабағын өткізді. Жұртшылыққа насихаттау мақсатында көшпелі семинар сабағында ҚР Жоғарғы Соты интернет-ресурсының «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисінің қызметі туралы айтылды.

Қобда  аудандық сотының бас  маманы  Л.Айбекова    Ақтөбе облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ХҚКО Қобда  аудандық бөлімшесінің қызметкерлеріне және келушілерге, «Сот кабинеті»  ақпараттық сервисі арқылы электрондық құжаттарды жіберу туралы көшпелі түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің артықшылығы жөнінде түсіндіру жұмыстары Халыққа қызмет көрсету орталығының жергілікті бөлімшелерінде жеткілікті деңгейде жүргізіліп келеді.

«Сот кабинеті» сервисі өтініш беруге, шағым жасауға және қолдау хатты электронды түрде дайындауға арналған. Қолданушы өзіне кез келген ыңғайлы уақытта сот құжаттарын қарауға, іс бойынша тарихын немесе сот актілерін шығарып алуына болады. Жаңа электрондық қызмет көрсетулер тараптардың, сондай-ақ, мемлекеттің  қаржысын және уақытты үнемдеуге бағытталған.

«Сот кабинеті» сервисінің басты мақсаты сот жүйесінің айқындылығын және қол жетімділігін барша халыққа танытудағы ең жоғарғы жетістіктің жаңа енгізілімі.Бұл бағыттағы жұмысты насихаттау мен түсіндіру күнделікті жүзеге асырылуда.

Шара соңында қатысушылар «Сот кабинеті» ақпараттық қызметі бойынша өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі