«Электрондық сенімхат» тақырыбында өткізілген брифинг

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева «Ойыл» басылымының редакторы С.Қойбағаровтың қатысуымен «Электрондық сенімхат» тақырыбында брифинг өткізілді.

Іс шара барысында Танкиева Г.Ш. «Сот кабинеті» сервисін жетілдіру мақсатында пайдаланушылардың сотқа электронды сенімхат жіберулеріне мүмкіндік беретін «Электродық сенімхат» қызметі іске асырылғандығын айтып, аталған қызмет пайдаланушыларға нотариуска  жүгінбей-ақ электрондық түрде сотқа сенімхат жолдауға мүмкіндік берелді, сонымен қатар аталған сенімхат бір іске қатысты берілетіндігін, сенім хаттың күші, іс бойынша сот актісі заңды күшіне еніп, сот актісі орындауға берілгенші ғана шектелетіндігін түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, кеңсе меңгерушісі «Электрондық сенімхат» қызметінде жоғарыда көрсетілген негіздермен қатар «Сенім қолданылуын тоқтату» функционалы қарастырылған айтып және азаматтық істі қарайтын судьяның сенімхатты қолданылуын тоқтату, оны қайтарып алу немесе күшін жою туралы автоматты хабардар ету тетігі қосылғандығын қосымша айтып өтті.

Кеңсе меңгерушісімен қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі