«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін түсіндіруге байланысты семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында орталық қызметкерлері мен қелушілердің қатысуымен «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі» тақырыбында  семинар өтті.

Семинардың мақсаты – бүгінгі таңда халыққа қолжетімді бола бастаған жаңа электронды қызметтер туралы ақпараттандыру жұмыстарын түсіндіру.

Кездесу барысында аудандық соттың кеңсе бас маманы С.Шаймақова шараға қатысушыларға «Сот кабинеті» электронды сервисінің тиімдігі мен түрлі қызметі туралы баяндама жасап, «Сот кабинеті» арқылы сотқа сот отырыс хаттамаларымен танысу туралы, сот отырыстары үн, бейне жазбаларының көшірмелері сұрау, сот актілерінің көшірмелерін сұрау, сот отырыстарының хаттамаларына ескертпе келтіру туралы арыздар мен аппеляциялық шағымдар электронды түрде беру мүмкіндігі жөнінде баяндады.

Шара соңында  С.Шаймакова шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі