Жиырма бір жасқа дейінгі азаматқа алкоголь өнімін өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды
Ойыл аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) азамат Р.-қа қатысты іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес 2017 жылғы 21 қазанда сағат 21.00 шамасында Ойыл селосы Көкжар көшесінің бойында орналасқан «Д» дүкенінің иесі жеке кәсіпкер Р.-дің сатушысы Р. жиырма бір жасқа толмаған Ж.-ға екі шыны «Свежая кружка» маркалы сырасын сатқан, яғни ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.