Жиырма бір жасқа дейінгі азаматқа алкоголь өнімін өткізгені үшін әкімшілік жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) азамат Р.-қа қатысты іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес 2017 жылғы 21 қазанда сағат 21.00 шамасында Ойыл селосы Көкжар көшесінің бойында орналасқан «Д» дүкенінің иесі жеке кәсіпкер Р.-дің сатушысы Р. жиырма бір жасқа толмаған Ж.-ға екі шыны «Свежая кружка» маркалы сырасын сатқан, яғни ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

 Сот қаулысымен құқық бұзушы азамат Р. Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасымен айналысуға мемлекеттік лицензияның қолданысын 3 күнге тоқтата тұрып, 40 АЕК яғни 90 760 (тоқсан мың жеті жүз алпыс) теңге әкімшілік айыппұл cалу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі