Тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп ұрлық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің «3» тармағымен (тұрғын, үй-жайда заңсыз кіріп ұрлық жасау  ) аз.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, 2017 жылы 13 шілдеде 16 сағат 00 минут шамасында, С. Ақтөбе қаласы, «АЗФ-3» бау-бақша учаскесіндегі үйдің есігінің жабылмағанын байқап, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, тікелей қасақана, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау мақсатында, заңсыз тұрғын үйге кіріп, оның қылмыстық әрекетін ешкім байқамағанын пайдаланып, үйдің есігін ашып, жәбірленуші азаматша Ж. иелігіндегі 25 000 теңге тұратын «MicroMaxQ383» маркалы ұялы телефонын және 90 000 теңге тұратын «Fujitsu» ноутбогін ұрлаған.

Қылмыстық  құқық бұзушылық салдарынан С. жәбірленуші Ж.-ға барлығы 115 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің «3» тармағымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 68-бабының 1-бөлігімен тараптардың татуласуына байланысты іс өндірістен медиациялық тәртіппен қысқартылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі