Сот бұйрығын қолдану туралы көшпелі дәріс өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотының судьясы С.Б.Абызбаева «Трансэнерго» АҚ-ның ұжымына «Коммуналдық даулар бойынша талап арыздарды ұсыну барысындағы туындайтын кейбір мәселелерді талқылау» тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында қатысушылар коммуналдық қызметтер тарапынан сотқа талап арызбен жүгіну барысында туындайтын кейбір мәселелерді, сонымен қатар, коммуналдық дауларды сот бұйрығы арқылы шешу мәселелерін талқылады.

Дәрістің соңында қатысушылар сот бұйрығын қолдану тиімділігі туралы өз пікірлерін білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі