Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ырғыз аудандық сотында М. қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 3-бөлігімен (көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу, егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу) қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

06.09.2017 ж. 16-20 сағатта М., Шымкент - Самара тас жолында «Газ-330252» маркалы  автокөлігін басқарып, 1149 шақырымында көрінуі шектеулі, қауіпті жол учаскесінде, жол жүрiсi қағидаларымен тыйым салынғанына қарамастан, қарсы жүру жолағына шыға отырып, «Камаз» маркалы автокөлігін басып озып, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 596-бабы 1-бөлігімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен М. жоғарыда аталған баптың негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі