Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін жазаланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 9-бабына, сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

Ырғыз аудандық сотының өндірісінде көбінесе кездесетін ұсақ бұзақылық Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес - ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттерді жасағаны үшін заңмен он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу қарастырылған, ал 2-бөлігінде осы баптың 1-бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер үшін 15 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының азаматтары ұсақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасап, заңды бұзатындарын түсінуге міндетті, аталған әрекеттерді жасағаны үшін оларға тиісті жаза қолданылғанымен, заң бұзушылықтың саны жылдан жылға артып келеді.

08.10.2017 ж. 09-30 сағатта Ш, үйінің ауласында шелекте тұрған темекі қалдықтарын Әбілқайыр хан көшесінің бойына, яғни белгiленбеген орынға төгіп, ортақ пайдалану орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Соттың қаулысымен Ш. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы 1-бөлігінің негізінде әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш (2269) мөлшерде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 819-бабы 2-бөлігінің негізінде әкімшілік айыппұл соммасының 30% қысқартылып, Ш. 15 883 теңге айыппұл салынды. Айыппұл төленді.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі