Хромтау аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Іс-шараға соттың төрағасы  А.Балмұханов және жергілікті «Хромтау» газетінің  тілшісі  Л.Әбдірова қатысты.

Брифинг барысында  А.Балмұханов 2017 жылдың 9 айында сотпен атқарылған жұмыстардың қорытындысын мәлімдеді.

2017 жылдың 9 айында аудандық сотпен барлығы 1052 азаматтық іс қаралып, 608 шешім, 250 сот бұйрығы шығарылған, 13 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен,  67 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталған.

Есепті кезеңде 96 тұлғаға қатысты -75 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 57 тұлғаға қатысты 48 үкім шығарылып, медиатордың қатысуымен 17 қылмыстық іс қаралған.

Есепті кезеңде әкімшілік істер бойынша 710 тұлғаға қатысты - 710 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде - 59 әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылған.

2017 жылдың  тоғыз  айында бұқаралық ақпарат құралдарында  47 мақала жарияланған.

Іс-шара соңында  А.Балмұханов негізгі жұмыс азаматтық істердің сапасын арттыруға, талап арыздарды себепсіз қараусыз қалдыру фактілерін болдырмауға және азаматтық даулардың басым бөлігін сотқа жеткізбей, бітімгершілік немесе медиация тәртібімен реттеу тәсілдерін жергілікті тұрғындар арасында кеңінен насихаттап, түсіндіруге бағытталғанын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі