Хромтау аудандық сотында «Медиация институтын дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау  аудандық сотында «Медиация институтын дамыту» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс- шараға  аудандық сот төрағасы А.Балмұханов, судьялар Е.Жеткерген, С.Аликулов, медиатор Т.Уразбаев, адвокат К.Камбарова, прокурор А.Махмудов, Хромтау қаласының мектеп директорлары және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Белгіленген тақырыпта соттың төрағасы А.Балмұханов өз кіріспе сөзін айта отырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттің медиация институтын дамытуға зор көңіл бөліп отырғандығын және «Медиация туралы» ҚР Заңының жыл сайын қолданысы артуда деген ойымен бөлісті. Азаматтық істердің екі тараптың бітімге келуі арқылы қысқартылуы бүгінгі күннің нәтижесі екенін атап өтті.

Іс-шара барысында судья С.Аликулов  медиация кабинетінің азаматтарға «Медиация туралы» Заңның нормаларын жеткізу және сотқа дейін медиация арқылы шешу жұмыстарын жүргізу  мақсатында ашылғандығын атап өтті. 

Кездесу барысында судья С.Аликулов  ағымдағы жылдың басынан Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді пилоттық жоба енгізілгенін ескертті.  Әдепкі пилоттық жоба  ағымдағы жылдың шілде айына дейін жүзеге асырылған болатын, дегенмен ол жылдың аяғына дейін ықпал ететіндігін,  кейінгі  сотқа дейін реттеу істердің санаттарын мақсатқа лайықтылықты анықтау туралы ұсыныстарын енгізу керек екені туралы  атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе судья Е.Жеткерген қылмыстық процесте медиативтік келісімдерді қолдану мүмкіншіліктері жөнінде баяндап, қатысушылар  медиация туралы жергілікті тұрғындардын оң баға беріліп жатқандығын атап өттті.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі