Былапыт сөйлегені үшін қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында  жолаушылар поезында алкогольдік мастану жағдайында былапыт сөйлеген азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды                                 

Іс материалдары бойынша К. 03.10.2017 ж. сағат 00.30 шамасында, қоғамдық орын, «Атырау-Алматы» бағытындағы №42-ші жолаушылар поезының 7-вагонында «Қайдауыл-Шалқар» станцалары аралығында алкогольдік мастану жағдайында былапыт сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Осы қасақана әрекетімен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігінде көрсетілген ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы К.кінәсін мойындады.

Соттың қаулысымен К. ҚР  ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, екі тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі