Объекті қауіпсіздігінің тиісті деңгейі сақталмады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында жеке кәсіпкер Д.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, 2017 жылдың 19 шілдесінде жеке кәсіпкердің терроризмге қарсы әрекеті бойынша жүргізілген тексеру барысында «G» демалыс және ойын-сауық паркі адамдардың көп жиналатын орны бола тұра, террористік тұрғыдан осал объекті ретінде бейне бақылау камерамен қамтылмағаны, бейнебақылау жүйесіндегі ақпараттарды талапта белгіленген мерзімде сақталу қамтамасыз етілмейтіні анықталған, сөйтіп ЖК Д. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149 бабының 1-бөлімінде (террористiк тұрғыдан осал объектінің меншік иесінің не иеленушісінің не басшысының өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы) көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптардың» 74 тармағында телевизиялық бейнебақылау жүйесі көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайында (болған жағдайда) не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінде орналасқан техникалық құралға немесе жинауға, өңдеуге, көрсетуге және тіркеуге арналған техникалық құрал жиынтығына беруді қамтамасыз етуі тиіс.  Ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрауы тиіс.

Сот қаулысымен ЖК Д. әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 453 800 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі