Ақтөбе қаласының №2 сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Сотта архив жұмысын жүргізу» тақырыбында  семинар өткізілді. 

Семннарға кеңсе меңгерушісі, кеңсе бас мамандары мен жетекші мамандар қатысты.

Кеңсе меңгерушісі  Г.Ихсанова  «Төрелік» бағдарламасы арқылы жұмысты ұйымдастыру туралы түсінік берілді. Кеңсе меңгерушісі сот қызметкерлері істерді тиісті түрде рәсімдеп, қалыптастырып, мұрағатқа уақытында тапсыру үшін жауапты екенін айтып өтті.

Сонымен қатар, іс шара барысында архив жұмысының басты мәселелері,  атап айтқанда архивқа істерді тапсыру алдында тізімдерді дұрыс құру, облыстық сотқа жолданатын істерді тиісті түрде рәсімдеу жұмыстары талқыланды.

Семинарға қатысушыларға сот істерін архивқа тапсыру үшін қабылдау – тапсыру тізімдерін рәсімдеу тәртібі, электронды құжат рәсімделетін мәліметтерді толтыру тәртіптері түсіндірілді.

Семинарды қортындылай сот қызметкерлері өз ой-пікірлерімен алмасты.

 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі