Сот медиативтік келісімді бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда аудандық сотымен   талап қоюшы Г.-ның жауапкер Г.-ға берген неке бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы Г. жауапкер Г. екеуінің арасындағы некені бұзуды сұрап сотқа жүгінген.

Сот мәжілісінде тараптардан медиациялық келісім, яғни сотқа дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жазбаша арыз түсіп, арызда тараптар соттан аталған медиация тәртібімен татуласуда көрсетілген шарттарды бекітуін сұрап өтініш жасаған. Тараптар жасаған келісімге сай, жауапкер талап қоюшы Г.-мен татуласып, сыйластық білдіріп, ренжітпеуге,  отбасыларын сақтап қалу үшін әрекеттер жасауға міндеттенеді.  Ал талап қоюшы Г. келтірген талап қою арызынан бас тартады.

Тараптар  азаматтық істі  өндірістен қысқартуды сұрады.

Сот тараптармен келген медиация келісімді бекітіп,  азаматтық істі өндірістен қысқартты.        

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі