Архив событий

04/09/2017

Мемлекеттік сатып алу

04/09/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  төраға міндетін атқарушы Алғабек Мырзамұратұлы Жүсіпов «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және заң» бағдарламасында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ақпарат берді.

Мемлекеттік сатып алу – «Мемлекетік сатып алу туралы» заңы және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы.

Сот жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

04/09/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «А» ММ-нің дара кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және  тұрақсыздықты өндіру туралы  талап арызын қарады.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылғы 23 мамырда тараптар арасында №22 мемлекеттік сатып алу шарты жасалған, оның шарттарына сай жауапкер зиянсыз қалдықтарды шығару қызметін орындауға міндеттенген. Алайда, жауапкер осы күнге дейін шартта көзделген міндеттемені орындамаған.

Сома өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

04/09/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «К» ЖШС-гі «И» ЖШС-нен  6 710 640 теңге қарыз сомасы мен 671 064 теңге тұрақсыздық сомасын өндіру туралы талабымен жүгінді.

«К» ЖШС-гі талап арызызында жауапкермен төлем ішінара және мерзімдер бұзыла отырып төленгендігіне байланысты сома өндіруді сұраған.

Сотқа тараптардың өкілдерінен  дауды медиация рәсімімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы арыз түсті,оның шарттарына сәйкес:

Еңбек өтілі анықталды

04/09/2017

Шалқар аудандық сотында Ә. еңбек өтілін анықтауды сұраған талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Арыз беруші Ә. 1970 ж. бастап 1997 ж. дейін Шалқар ауданындағы Жаңа-қоныс кеңшарында малшы көмекшісі болып бастап, кейін жұмысшы, трактор жүргізуші болып еңбек еткенін, соңында кеңшар өндірістік кооперативке айналып, сол кооперативтен тарауына байланысты жұмыстан шыққанын,  зейнетақы тағайындатуға құжат дайындау үшін қажет екенін көрсетті.

Бітімгершілікпен аяқталған дау

04/09/2017

Әйтеке би аудандық сотымен талап қоюшы К.-ның жауапкер «К». КМК.-нен  09.01.2017 жылғы және 24.07.2017 жылғы бұйрықтарын заңсыз деп тану және бұзу, еңбек ақы өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы сотқа берген талап арызында жауапкер «К». КМК.-нен  09.01.2017 жылғы және 24.07.2017 жылғы бұйрықтарын заңсыз деп танып,  бұзуды және еңбек ақысын өндіруді сұраған, алайда істі сотта қарауға әзірлеу кезінде, тараптар бітімгершілік келісімге келіп, соттың келісімді бекітуін  сұраған өтініштері түсті.

Жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жауапталды

04/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында шетел мемлекетінің азаматы О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей, ол 2017 жылғы 28 шілдеде  Ақтөбе қаласы, «Самара-Шымкент» тас жолында, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 11.5.6 тармақтарының талабын бұзып, «Шевролет Оптра» автокөлігін басқарып келе жатып, өткір айналымда басып озып, жол жүру ережесімен тыйым салынған жолдың қарсы жүру жағына шығып кеткен.

Оқиға орнын тастап кеткені үшін жауапталды

04/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат  К.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылдың 2 шілдесі күні сағат  01-40 шамасында, Уалиханов көшесі теміржол вокзалы тұрағында, «Mitsubishi Montero Sport» автокөлігін басқарып келе жатып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің 2.1.8 тармағының талабын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған, сөйтіп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 611 бабының 2 бөлімінде (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп