Архив событий

12/09/2017

Азаматтарды қабылдау өткізілді

12/09/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы кезекті азаматтарды қабылдау өткізді. А.М.Жүсіповтың қабылдауында істерді оңайлатылған тәртіпте қарау сұрағы бойынша 1 адам болды.

«Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

12/09/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға  судья Ж.Кунаева, кеңсе  меңгерушісі А.Кушкенбаева «Ембі қаласы әкім аппараты» ММ-нің өкілдері, ҮЕҰ, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Мәдениет қайраткерімен кездесу

12/09/2017

Шалқар аудандық сотында мәдениет қайраткері К.Жанабергеновамен   кездесу өткізілді.

Кездесуде Шалқар аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы С.Дәріқұлова  Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндірді.