Архив событий

14/09/2017

Қарғалы аудандық сотында «Сот мәжілісінде бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

14/09/2017

Қарғалы  аудандық сотында «Сот мәжілісінде бейне және аудио құралдарын қолдану» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. Іс-шараға Қарғалы  аудандық сотының төрайымы Н.О.Аманкулова, судья А.Шарипбаев, кеңсе меңгерушісі Р.Жонисова мен кеңсе мамандары қатысты. Сот төрайымы Н.О.Аманкулова, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің  перспективті бағыттарының бірі ақпараттық   технологияларды,  оның ішінде дыбыс-бейне жазбасын қолдану болып табылатынын айтты.

«Медиация- дауларды шешудің баламалы түрі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

14/09/2017

Әйтеке би аудандық сотында «Медиация- дауларды шешудің баламалы түрі» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Әйтеке би аудандық сотының төрағасы А.Әбдіров, кеңсе мамандары, аудан прокуроры Н.Калдыгожин, прокурордың орынбасары Н.Айтен, адвокат К.Матаева, БАҚ өкілі Е.Әбдіраев, ҮЕҰ өкілдері Д.Ержан, Қ.Ниязов және А.Қонырбай қатысты.

Жәбірленушімен татуласу туралы жазбаша келісімі негізінде әкімшілік жауапкершіліктен босатылды

14/09/2017

Көп жағдайларда отбасы–тұрмыстық құқық бұзушылық саласында жәбірленушілер болып құқық бұзушының  әйелдері келеді, сонымен бірге отбасылық «бұзақының»  басқа да отбасы мүшелері жәбірленушілер ретінде болып келетіндері де аз емес.

Алайда  жәбірленушілер жағы отбасын, туыстық қатынастарын сақтап қалу мақсатында құқық бұзушымен татуласуына байланысты әкімшілік істі тоқтату туралы өздері сотқа арызбен  жүгінеді.

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен кездесу өткізілді

14/09/2017

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот-мәжілісінің хатшысы А.Коханова «Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы» тақырыбында баяндама оқыды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен өндірістен тоқтатылды

14/09/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұрлық жасау фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кәмелетке толмаған С.-ке қатысты  қылмыстық іс қаралды.

«Әкімшілік істер бойынша жеке қаулылар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

14/09/2017

Ойыл аудандық сотында Ойыл аудандық прокуратура, Ойыл аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік инспекторлары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Әкімшілік істер бойынша шығарылған жеке қаулылар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Ата-ана арасында балаға қатысты дау медияция тәртібімен реттелді

14/09/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Т.-ның жауапкер О.-ға кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын ала сот отырысында іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиациясы өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша: