Архив событий

07/09/2017

Баланың тұрғылықты жерін айқындау туралы дау сот медиация тәртібімен реттелді

07/09/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Р.-ға кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар сот медиация тәртібімен реттелген келісімді бекітуді сұрады.

Келісілген шарт бойынша, Р. кәмелетке толмаған балалардың пікірін ескеріп, балалардың тұрғылықты жері мен заңды мекен жайын әкесі Б.-мен бірге айқындауға келіседі.

Қобда аудандық соты бұйрық өндірісіндегі 10 арызды электронды форматта қарады

07/09/2017

Ағымдағы жылдың 17 шілде күнінен бастап Республика соттарында азаматтық  іс жүргізу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қарау  енгізілді.

Енгізілген жаңалық арызды тіркеу сатысынан бастап,  судьяның сот актісін жасауы, орындалуға жолдануы тек қана электронды форматта қарастырылып, азаматтық істер бойынша  қағаз іс жүргізуінің азайуына мүмкіндік береді.

Қоғамдық орында алкоголді масаң күйінде болған

07/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды, ол бұрын бір жылдың ішінде екі рет қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келгені үшін әкімшілік  жауапкершілікке тартылған тұлға  бола тұра, 2017 жылғы 06 шілдеде  шамамен 11 сағат 00 минутта Ақтөбе қаласы, Земледельческая көшесінде, яғни қоғамдық орында масаң күйінде болған, сөйтіп ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440 бабының 4 бөлімінде (қоғамдық орындарда масаң күйде к

Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

07/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылғы 24 тамызда шамамен 23 сағат 10 минутта, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылында, яғни қоғамдық орында балкон терезесін соғып, айғайлап, азамат Н.-ның атына балағат сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзған, сөйтіп ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлімінде (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тынышт

Мүлкі туралы мәлімет бермегені үшін айыппұл

07/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, іс материалында көрсетілгендей ол мемлекеттік лауазымды атқарушы тұлғаның жұбайы бола тұра  ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 27 бабының талаптарын бұзып,  2016 жылдың декларациясында салық салу объектісі болып табылатын мүлкі туралы мәлімет бермеген, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 274 бабының 1-бөлімінде (мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының салық салу объектілері болы

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында азаматтық іс медиация тәртібіндегі пилоттық жоба аясында қаралды

07/09/2017

Талап қоюшы  А. жауапкер А.-ға некені  бұзу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Сотпен тараптарға пилоттық жобаны іске асыру туралы медиацияның артықшылықтары түсіндірілген хабарлама жолданып, медиативтік келісімді бекітудің және істі өндірісімен тоқтатудың салдары түсіндірілді.

Содан кейін, тараптардан дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш берілген.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

07/09/2017

Алға аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен азамат А.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Азамат А.  қылмыстық іс әрекеті салдары нәтижесінде, жәбірленуші Д. 5 400 теңге материалдық зиян келтірген. Сөйтіп, А. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, яғни ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Қобда аудандық сотында «Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» атты тақырыпта семинар өтті

07/09/2017

Қобда аудандық сотында құқықтық сауаттылықты және сот қызметкерлерінің кәсібилігін арттыру мақсатында кеңсе менгерушісі  А.К.Маденова және сот мамандарының  қатысуымен  ««Апелляциялық сатыға сот істерін уақытылы дайындау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Бас маман сот отырысының хатшысы Г.Н.Абишева  соттың мамандарына азаматтық істерді дұрыс және тиісті түрде апелляциялық сатыға жолдау туралы айтып өтті.

Пікірлер мен ұсыныстар