Мемлекеттік сатып алу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  төраға міндетін атқарушы Алғабек Мырзамұратұлы Жүсіпов «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының «Адам және заң» бағдарламасында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ақпарат берді.

Мемлекеттік сатып алу – «Мемлекетік сатып алу туралы» заңы және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді тапсырыс берушілердің ақылы негізде сатып алуы.

Тікелей эфир барысында судья мемлекеттік сатып алу туралы, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың қандай тәсілдері бар, мемлекеттік сатып алудың жосықсық қатысушысы деп танылғаннан кейін қандай мерзімде қатысуға жіберіледі, мемлекеттік сатып алу саласында қандай тізілімдер бар және т.б. сұрақтарға жауап берді.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген өнім берушілер соттың оларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілмейді.

Эфир соңында жүргізуші аталмыш санат бойынша берген жауаптары, сонымен қатар бағдарламаға қатысқандығы үшін судьяға алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі