Жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін жауапталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында шетел мемлекетінің азаматы О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей, ол 2017 жылғы 28 шілдеде  Ақтөбе қаласы, «Самара-Шымкент» тас жолында, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 11.5.6 тармақтарының талабын бұзып, «Шевролет Оптра» автокөлігін басқарып келе жатып, өткір айналымда басып озып, жол жүру ережесімен тыйым салынған жолдың қарсы жүру жағына шығып кеткен.

Сот қаулысымен азамат О. ҚР ӘҚБтКнің 596 бабының 3 бөлімімен (жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу) айыпты деп танылып, оған 1 жылға көлік жүргізу құқынан айыру жазасы белгіленді.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі