Архив событий

22/09/2017

Сотқа сыйламаушылық көрсеткені үшін әкімшілік жауапқа тартылды

22/09/2017

Қобда аудандық сотымен Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 2-бөлігімен (сотты құрметтемеушілік)  азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Істің мәні бойынша, 2017 жылдың 21 қыркүйек айында Қобда аудандық сотының өндірісіндегі әкімшілік іс бойынша тағайындалған сот отырысына сотталушы А. арақ ішкен мас күйінде  келіп, өзінің іс әрекетімен сотқа құрметтемеушілік білдірді.

Қылмыстық іс медиация тәртібінде аяқталды

22/09/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) айыпталған Е. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Медиация тәртібінде татуласты

22/09/2017

Ырғыз аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) азамат Б.-ге қатысты қылмыстық іс қарады.

Облыс соттарында «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында семинар өткізілді

22/09/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында бас маман-сот отырысының хатшысы А.Акайдаровтың баяндама оқуымен семинар өткізілді.

Іс-шараға кеңсе меңгерушісі Г.Ихсанова және бас мамандар мен жетекші мамандар қатысты.

Өз баяндамасында А.Акайдаров жемқорлыққа қарсы күрес туралы ҚР заңнамасына нақты тоқталып, талаптарын түсіндірді. Семинар өткізудің басты мақсаты- жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың қатаң түрде сақталып, орындалуы.

Тіркелмеген қаруды сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

22/09/2017

Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  482 -бабының  1- бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) азамат С.-ке  қатысты әкімшілік ісі қаралды.