Архив событий

15/09/2017

«Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Ақтөбе техникалық колледж студенттерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді

15/09/2017

Ақтөбе облысының  кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Н.Б.Ормаханов колледж студенттеріне «Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. Лекциялық сабаққа 1-2-ші курс студенттері мен колледж мұғалімдері қатысты.

Н.Б.Ормаханов өткізіліп отырған іс-шараның өзектілігін атап өтті, өйткені кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі өте маңызды.

«Әкімшілік өндіріс барысында заң талаптарын сақтау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

15/09/2017

Ырғыз аудандық сотында «Әкімшілік өндіріс барысында заң талаптарын сақтау және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру сапасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы А.Бисенғали, судья С.Махамбетов, кеңсе меңгерушісі А.Сарсенғалиева, аудан прокурорының міндетін атқарушысы С.Байдилдин, аудандық ІІБ-нің бастығы Ә.Бюрин және оның орынбасарлары қатысты.

«Мемлекеттік сатып алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

15/09/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ, «Ақтөбе қаласы білім басқармасы» ММ және сот судьяларының қатысуымен «Мемлекеттік сатып алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен дәріс сабағы өткізілді

15/09/2017

Ақтөбе қалалық №2 орта мектебінде 9,10,11 сынып оқушылар және мұғалімдер арасында Ақтөбе облысының Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  сотының судьясы К.Муратов «Қылмыстық-құқықтық қатынастар аясына тап болған кәмелетке толмағандарға қатысты заңнамалар» тақырыбында дәріс сабағын өткізілді.

Ақтөбе қаласының №2 соты төрағасының міндетін атқарушы студенттермен кездесу өткізді

15/09/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотының төрағасының міндетін атқарушы Ерлан Бақытжан соттың ашықтығы мен жариялылығы қағидасын ұстана отырып, халықпен кездесу жүргізу аясында жастар арасында қылмыстың алдын-алу үшін жас заңгерлермен, яғни Ақтөбе қаласындағы  көпсалалы  АГУ Тарлан колледжінің  студенттерімен кездесу өткізді.

Сот жауапкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп таныды

15/09/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Х» ММ-нің дара кәсіпкерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және  тұрақсыздықты өндіру туралы  талап арызын қарады.

Неке медиация тәртібімен сақталып қалды

15/09/2017

Алға аудандық сотында талап қоюшы Д-ның некеден ажырасу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Д. сотқа некеден ажырасу туралы талап арызында жауапкермен 2005 жылдан заңды некеге тұрғандарын, некеден ортақ балдарының барын, жауапкермен өзара түсініспеушілік салдарынан ара-қатынастары үзілгендерін, жанұяны сақтап қалу мүкін емес екенін, ортақ мүлікке қатысты даудың жоқ екенін, жасы кәмелетке толмаған балдардың тұрғылықты мекен-жайлары бойынша келісімге келгендерін көрсетіп, некені бұзуды сұраған.

Ортақ мүлікті бөлу медиациямен аяқталды

15/09/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында талапкер Ш.-ның жауапкер Ш.-ға ортақ мүлікті бөлу туралы  азаматтық ісі қаралды.   

Істі қарау барысында тараптар ортақ мүлікті бөлу туралы талап арыз бойынша дауды медиативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы сотқа арыз ұсынды.

Сот отырысында тараптар дауды медиативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, жазбаша өтініш білдірді.

«Партисипативтік келісім арқылы дауды шешу » тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

15/09/2017

Мәртөк аудандық сотында «Партисипативтік келісім арқылы дауды шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.К.Дүйсен, судья Е.А.Нуршарыпов, Ақтөбе облыстық қорғаушылар алқасының адвокаттар А.Б.Турмагамбетов, Д.А.Кушкарбаев қатысты.

Әкімшілік іс медиация тәртібімен қысқартылды

15/09/2017

Алға аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабының 1-бөлігімен жауапқа тартылған азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат А. жасы кәмелетке толмаған Б-ның жақшаларына зиян келтіріп,   ернінің айналасына дене жарақатын тигізген, тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасаған.

Ашық есік күні өткізілді

15/09/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» ай сайын және азаматтарды қабылдау күн сайын сағат 16.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Шара барысында сот төрағасы Н.Б.Ормахановқа кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін айқындау туралы сұрағымен азамат Д. жүгінген.