Архив событий

19/09/2017

Шалқар аудандық соты «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізді

19/09/2017

Шалқар аудандық соты «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізді.

"Дөңгелек үстел" жұмысына аудандық прокуратура,  «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің өкілдері қатысты.

«Әйелдер құқықтарын қорғау және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою» тақырыбында брифинг өткізілді

19/09/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Мұғалжар» аудандық газетінің тілшісі А.Балымбетовтың қатысуымен, судья Ж.Кунаевамен «Әйелдер құқықтарын қорғау және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою» тақырыбында брифинг өтті.

Киіктерді атқаны үшін сотталды

19/09/2017

Ырғыз аудандық сотында Н., М., Б. және  К.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы 5-бөлігі 2-тармағымен (заңсыз аңшылық - аса ірі залал келтіре отырып, жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды қолданып, сол сияқты авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау) айыптау туралы қылмыстық ісі қаралды.

Өзін асырау үшін алимент өндіру туралы азаматтық іс бойынша медиациялық келісім бекітілді

19/09/2017

Қобда аудандық сотында  талап қоюшы Ж-ның жауапкер Ж-ға берген өзін асырау үшін алимент өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өзінің  арызында талап қоюшы Ж.  жауапкер Ж-дан 2015 жылы туылған ортақ балалары М. үш жасқа толғанша өзін асырау үшін алимент өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Анасының тыныштығын бұзған

19/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, онда көрсетілгендей  2017 жылғы 29 шілдеде шамамен 20 сағат 00 минутта, Ақтөбе қаласы, Әуеқалашық шағын ауданында орналасқан үйдің пәтерінде өз анасына жанжал шығарып, оның атына балағат сөздер айтқан, яғни ол өзімен жанұя қарым-қатынастағы азаматтардың тыныштығын бұзып, оларға сыйламаушылық көрсеткен, оның іс-әрекетінде қылмыстық іс-әрекетінің  белгілері болмаған, сөйтіп ол Қазақстан Республикасының әкімшілік  құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 тармағында (жеке

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

19/09/2017

Қарғалы аудандық сотында медиация тәртібімен некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер мен жауапкер 2000 жылы заңды некеге тұрған, кәмелет жасқа толмаған 2 баласы бар.

Жауапкермен дәм-тұзы жараспауына байланысты отбасы өмірі өрнектелмей, осы себептен талапкер некені бұзу туралы  талап арызбен жүгінген.

Азаматтық іс қарау кезінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы сотқа өтініш білдірді.