Архив событий

13/09/2017

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық мұражайының қызметкерлерімен кездесу өткізілді

13/09/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық кеңсе жетекші маманы Жакина Р.Т. Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалдық мұражайының  қызметкерлерімен Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын талқылау шеңберінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыбындағы кездесу өткізді. 

Студенттермен кездесу өткізілді

13/09/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша 2 және 3 курс студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Коханова «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Студенттермен кездесу өткізілді

13/09/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің «Құқықтану» мамандығы бойынша 2 және 3 курс студенттерінің қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы өткізілді.

Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы А.Коханова «Ашық есік күні» халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот әділдігіне қол жеткізу мақсатында өткізіліп тұратынын атап өтті.

Еңбек ақыны төлемегені үшін әкімшілік айыппұлға тартылды

13/09/2017

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  87-бабының 1-бөлімі бойынша (жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі) «Ш» ШҚ-ның басшысы Н-ге  қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқықтық оқыту

13/09/2017

Шалқар аудандық сотының судьясы С.О.Дәріқұлова 11.09.2017 жылы «Шалқар  ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және кеңсе бас маманы  А.Нұрұдин «Сот кабинеті сервисі» және «Сот актілерінің орындалуы туралы» тақырыптарында   кездесу өткізді.

Кездесуге  бөлімнің  басшысы мен қызметкерлері  қатысты.

Ашық есік күні өткізілді

13/09/2017

Ойыл аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту мақсатында ай сайын «Ашық есік күні» және күн сайын азаматтарды қабылдау жұмыс уақытында сағат 09.00-18.00 аралығында өткізіледі. 

Төраға С.З.Танимова өткізілген «Ашық есік» күнінде Ойыл ауылының тұрғыны азамат Ж. мен Ақтөбе қаласының тұрғыны азаматша М.  бұрыңғы Ойыл аудандық тұрмыс көрсету комбинатында қызмет жасағандығын анықтау сұрақтарымен келіп, оларға қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берілді. 

Ата-ана құқығынан айырылды

13/09/2017

Мәртөк аудандық сотында  талап қоюшы Мәртөк ауданы бойынша білім бөлімі жауапкер Г-ға қатысты ата-аналық құқығынан айыру  туралы азаматық іс қаралды.

Талап қоюшы жауапкер   Г-ға   2003 жылы туылған кәмелетке толмаған қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру  туралы талабымен сотқа жүгінді, өз талабында жауапкер қызын тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамайды, өзінің тұрағы бойынша теріс мінезделген, жүйелі түрде спирт ішімдіктерін пайдаланады, баланы қараусыз қалдырып, үйінде ұзақ уақыт болмайды.

Құқық бұзушы алты жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды

13/09/2017

Ырғыз аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 4-бөлігімен (608-бабы 1, 2, бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер) азамат Е.-ге қатысты іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес 03.09.2017 ж. сағат 22-00 шамасында Е., Ырғыз ауылы Сәрсенбаев көшесі бойында, «МТЗ-82.1» маркалы тракторын алкогольдік масаң күйде басқарып, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы

13/09/2017

Қобда аудандық соты   Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының  5-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылған азамат Т.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).

«Ашық есік» күні өткізілді

13/09/2017

Ырғыз аудандық сотында 13.09.2017 ж. кезекті «Ашық есік» күні өткізілді.

«Ашық есік күні» іс-шарасы сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру болып табылады және халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін арттыру, сот төрелігін жұртшылыққа қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.

Ауыл тұрғындары ай сайын ұйымдастырылатын аталмыш шара барысында өздерінің көкейіндегі мәселелерін ортаға салды.

Пікірлер мен ұсыныстар