Архив событий

25/09/2017

Мәртөк аудандық сотының ұжымы «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында сот жүйесінің ардагерін құттықтады

25/09/2017

Қарттар күні – мейірім мен шуаққа толы айтулы күн. Бұл күні біз қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше.  Аталмыш мерекенің мәні де осында жатса керек.

Кәмелетке толмаған балалардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін заңды өкілдердің жауаптылығы

25/09/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435- бабымен  азаматша Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

В судах области состоялись круглые столы на тему "Стратегия гендерного равенства"

25/09/2017

Ойыл аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы С.Танимова, судья А.Төремұратова, сот қызметкерлері, аудан прокуратурасы мен мектептер өкілдері  қатысты.

Қобда аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесіне сот актілерін уақытылы енгізу және электронды цифрлы қолтаңба қою» тақырыбында семинар сабақ өткізілді

25/09/2017

Қобда  аудандық сотында «Төрелік» ақпараттық жүйесіне сот актілерін уақытылы енгізу және электронды цифрлы қолтаңба қою. Электронды құжат айналымын жүргізу, ақпараттық есеп құжаттарын толтыру»  тақырыбында сот торағасы  А.Т. Анарбаев, судья Ш.Е. Есжанова, кеңсе  меңгерушісі  А.К.Маденова  және  сот  мамандарының  қатысуымен семинар сабақ өткізілді.

«Жасөспірімдер арасындағы туындайтын мәселелер» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді

25/09/2017

Мәртөк аудандық сотында жасөспірімдер арасындағы мәселелер сұрағы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Мәртөк аудандық сотының төрағасы М.Дүйсен, судья Е.Нуршарыпов, Мәртөк аудандық ІІБ-нің кәмелет жасқа толмағандар істер жөніндегі инспекторлар, «Жастар ресурстық орталығы» ҚБ-нің өкілі А.Утаралина қатысты.

«Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

25/09/2017

Хромтау аудандық сотымен Хромтау аудандық кітапханасы ғимаратында «Рухани жаңғыру-мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, аталған іс-шараға аудандық соттың төрағасы м.а. С.Жұмашкина, аудандық прокуратурасының прокуроры А.Махмудов, аудандық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Н.Аманғалиева, аудандық кітапхана қызметкерлері А.Таимова, Т. Жиембаева, «Мектептен тыс білім беру орталығы» МКҚК-нің директоры М.Нұржанов, аудандық әділет басқармасы бөлімінің басшысы З.Даутова қатысты.