Сома өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «А» ЖШС-гі «З» АҚ-нан  берешек сомасын өндіру туралы талабымен жүгінді.

Іс материалдары сәйкес, талап қоюшы тауар жеткізуге, ал жауапкер қабылдап және төлеуге міндеттенген. Жауапкер  мекен-жайына жалпы сомасы 3 992 700 теңгеге тауар жеткізілген. Алайда, жауапкер 1 400 000 теңге сомасына  ішінара төлем жасаған. Қазіргі сәтте қарыз сомасы 2 592 700 теңге құрады. Осыған байланысты, талап қоюшы талап арызында 2 592 700 теңге берешек және 77 781 теңге көлемінде төленген мемлкеттік баж сомасын өндіруді сұраған.

Тараптардан келесі шарттар бойынша медиативтік келісім түсті: 2017 жылғы 15 қыркүйекте жауапкер 2 592 700 (екі миллион бес жүз тоқсан екі мың жеті жүз) теңге көлемінде берешек сомасын төлеген, осыған байланысты тараптар келесіге келген:

«З» АҚ-ы «А» ЖШС-не 170 000 (жүз жетпіс мың) теңге көлемінде өкіл көмегіне төленген шығын сомасын 7 (жеті) жұмыс күні іші мерзімінде .

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

77 781 (жетпіс жеті мың жеті жүз сексен бір) теңге көлемінде мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі