В судах области состоялись круглые столы на тему "Стратегия гендерного равенства"

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасы С.Танимова, судья А.Төремұратова, сот қызметкерлері, аудан прокуратурасы мен мектептер өкілдері  қатысты.

Судья А.Төремұратова өз сөзінде, Қазақстан Республикасында «Гендерлік теңдік Стратегиясы» мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, мемлекет және осы саясатқа азаматтық қоғам тарабынан бақылау жүргізу құралы, демократияны қалыптастырдың  маңызды факторы болып табылатынын, Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік Стратегиясын жүзеге асыру еркектер мен әйелдердің олардың өмірдегі жыныстық теңдік құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасауға мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысып отырған мекемелердің өкілдері осы аталған тақырыптарға қатысты өз тарапынан пікірлерін айтты.

Қорытындылай келе,  сот төрағасы  дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, белсенді қатысқандары үшін ризашылығын білдірді.

Ырғыз аудандық сотында «Гендерлік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға сот төрағасы А.Бисенғали, аудан прокурорының міндетін атқарушысы С.Байдильдин, аудандық әкімдігінің өкілі Д.Қосаяқов, кәсіби емес медиаторлар, М.Мырзалы, С.Махамбетов, «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ырғыз аудандық филиалының төрағасы Ә.Қарпық, Ырғыз аудандық ардагерлер ұйымының басшысы Қ.Кенжебаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ырғыз аудандық филиалының төрағасы А.Бисенбай, «Ырғыз бизнес-инкубатор» қоғамдық қорының басшысы Б.Оразмағамбетова және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өкілі Қ.Сапарбаева қатысты.

Шара барысында сот төрағасы А.Бисенғали баяндама жасап, өз баяндамасында Ата Заңымыздың 33-бабы 4-бөлігіне сәйкес, азаматтар мемлекет істерін басқаруда тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы әйелдерінің экономикалық өмірге белсене араласуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдігін арттыру, сондай-ақ, ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен - ұлттық жоспар бекітілді.

«Әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы» халықаралық Конвенцияны Қазақстан Республикасы өзінің 29.06.1998 ж. №248 Заңымен ратификациялап, оған мүше болды.

Ел басының 29.11.2005 ж. №1677 Жарлығымен «Қазақстан Республикасы 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 06.12.2016 ж. №384 Жарлығымен «ҚР 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы» бекітілді.

2000 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы Конвенциясына сілтеме жасай отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күрес Халықаралық күнін белгілеген. Дөңгелек үстел барысында судья тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамыту мақсатында жасалған қадамдар, атап айтқанда 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы,  2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында еліміздің осы бағытта жетістіктерге қол жеткендігінің бір дәлелі деп атап өтті.

Шара соңында қатысушылар тақырып бойынша көптеген сұрақтар көтеріп, өзара пікір алмасып, өткізіліп жатқан дөңгелек үстелдің маңыздылығын атады және сот төрағасы қатысушыларға алғысын білдірді.

Хромтау аудандық сотында соттың төрағасы м.а С.Жумашкинаның, аудандық прокуратурасының прокуроры А.Махмудовтың, «Демеу-2030» үкіметтік емес ұйымының өкілі Ш.У.Омаров және сот мамандарының қатысуларымен «Гендерлік саясат» тақырыбында  дөңгелек үстел  өткізілді.

Аудандық сот төрағасы м.а. С.Жумашкина Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеті әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына теңестірілген дәрежеде қол жеткізуі, экономикалық тәуелсіздікке тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамытуға және қызметтік мансабының өсуіне, отбасындағы міндеттерді бірдей жүзеге асыруларына жағдайлар жасау, жыныстық зорлық-зомбылықтан азат болу екенін  айтты.

Сонымен қатар, қатысушыларға отбасы құндылығын дамытуды, неке бұзудың алдын-алу шаралары ретінде халық арасында үлгілі отбасыларды насихаттауды, оқу орындарында, мекемелерде осы бағытта лекциялар мен семинарлар өткізуді қамтамасыз етуді және жергілікті телеарналардан отбасы құндылығын насихаттауға бағытталған тәрбиелік мәні бар сұхбаттар беруді  ұсынды. 

Іс-шара соңында соттың төрағасы м.а. С.Жумашкина тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты  істерін сотта қарау меселелері бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі