Архив событий

11/09/2017

Азаматтарды қабылдау өткізілді

11/09/2017

Мәртөк аудандық сотында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес сот төрағасы жұмыстағы уақыт тәртібі бойынша, әр дүйсенбі күні сағат  10ºº-16ºº -ге дейін азаматтарды қабылдайды.

Азаматтарды қабылдау сот төрелігі мен сот жүйесіне халықтың сенімін, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында өткізіліп отыр.

Мәртөк аудандық соты оқушыларды мектепке дайындау акциясына өз үлесін қосқан

11/09/2017

Елімізде «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы  өткізілді. Он жылдан бері үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында биыл тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған әлеуметтік көмек көрсетілмек. Акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде қолдау көрсету.

Әйтеке би аудандық сотында брифинг өтті

11/09/2017

2017 жылдың 11 қыркүйек күні Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте аудандық сот төрағасы А.А.Әбдіров Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 4-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қаралғанын айтты.