Архив событий

08/09/2017

Медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды

08/09/2017

Шалқар аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 2),3)-тармақтарымен (ұрлық) азамат У.-ге қатысты қылмыстық іс қарады.

Қылмыстық істің құжаттарына сәйкес,  сотталушы У. 2017 жылғы тамыз айынын 21-22 күндері Шалқар қаласы тұрғындары  Қ.-нің, Ш.-нің Т.-нің тұрғын үй-жайларынан  ұрлық жасап, жалпы жәбірленушілерге 45 000  теңгеге залал келтіріп, Қазақстан Республикасы  ҚК-нің  188-бабының 2-бөлігінің 2),3)-тармақтарында көрсетілген  қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Шалқар аудандық сотында сот бұйрығын шығару арыздары электронды форматта қаралуда

08/09/2017

2017 жылғы шілде айынан бастап облыс бойынша   соттарда азаматтық  іс жүргізу бойынша сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қарау  енгізілді.

Енгізілген жаңалық арызды тіркеу сатысынан бастап,  судьяның сот актісін жасауы, орындалуға жолдануы тек қана электронды форматта қарастырылып, азаматтық істер бойынша  қағаз іс жүргізуінің азайуына мүмкіндік береді.

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізілді

08/09/2017

Шалқар аудандық сотында «Ашық есік» күні өткізіліп, сот төрағасы м.а С.Дәріқұлова тұрғындардың түрлі даулар мен әлеуметтік мәселелер бойынша сауалдарына жауап берді.

Мысалы, азамат А. сот қаулысымен жылжымаймын мүлкіне тоқтам салынған  мүлкін  босату тәртібі туралы  сауалдарын қойды.

Қойылған сауалдарға сот төрағасы міндетін атқарушы  заң тұрғысынан тұжырымды жауаптар беріп, құқықтық көмек көрсету шеңберінде  тиісті ұсынымдарды айтты.

Қобда аудандық сотында сот қызметкерлер арасында семинар өтті

08/09/2017

Қобда аудандық  сотында кеңсе қызметкерлері мен сот отырысы хатшыларының қатысуымен «Сот отырысының хаттамасын аудио-бейне жазбаларды қолданып жүргізу тәртібі» тақырыбында семинар сабағы  өтті.

Бас маман-сот отырысының хатшылары сот отырысы хаттамаларын әзірлеу мерзімдері мен тәртібіне тоқталды, сондай-ақ, «Төрелік» жүйесіне енгізу, электрондық хаттамамен тараптарды таныстыру және судья мен сот отырысы хатшысының электрондық қолтаңбасын қою, қажеттілігіне қарай көшірмесін жасау тәртібі жайлы айтты.

Неке қатынастары сақталды

08/09/2017

2017 жылы 26 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасымен даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережесі бекітілді. Осындай даулардың бірі-некені бұзу туралы талаптар.

2017 жылы 07 қыркүйегінде Мәртөк аудандық сотында медиация тәртібімен некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыппұл салынды

08/09/2017

Қобда аудандық соты   2017 жылдың 06 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 346 бабының 1 бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын осындай адамның басқаруына беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) қылмыстық іс қаралды.

 айыпталған Ақтөбе облысының тумасы, Т-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзған

08/09/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 200-бабының 3-бөлімімен  (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзуазаматша А.-ға қатысты  әкімшілік ісі қаралды.