Архив событий

27/09/2017

Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

27/09/2017

Мұғалжар  аудандық сотында талап арыз бойынша қарыз сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, 11.08.2014  жылы жауапкер А. талап қоюшы И.-дан 250 000 теңге қарызға ақша алған. Жауапкер А. түрлі сұлтаулармен қолхатта көрсетілген мерзімде ақшасын қайтармаған. Талап қоюшы И. жауапкер А.-дан  бережақ ақшаны өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

27/09/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлімімен (ұрлық) азамат Т.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық істің құжаттарына сай, аз.Т. 26 тамыз 2017 жылы, пайдакүнемдік ниетте, бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында Мұғалжар ауданы Жем қаласында, азаматша Д.-ға тиесілі «NOKIA X-2» маркалы ұялы телефонды жымқырып,  оған  16 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Қобда аудандық сотында брифинг өтті

27/09/2017

Қобда   аудандық сотында  БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судья  Ш.Е.Есжанова  «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу» бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын түсіндіру мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен  брифинг өткізді. Аталған пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2017 жылдың соңына дейін ұзартылды.

Судья  Ш.Е.Есжанова осы және өзге де ақпараттарды журналистерге түсіндіріп, олардың сауалдарына жауап берді.

Ақтөбе қаласының №2 сотында дөңгелек үстел өткізілді

27/09/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға  сот төрағасының міндетін атқарушы Е.Бақытжан, сот судьялары мен сот мамандары, Ақтөбе қаласындағы  Ақтөбе көпсалалы  АМУ Тарлан колледжінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Шынар Нұрсахимқызы Жаржанова, С.Баишев атындағы Ақтөбе университеті технопаркінің директоры, филология ғылымдарының кандидаты Сұлтан Исаұлы Жайық қатысты.

Қобда аудандық соты «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы мұражайының директоры, мәдениет қайраткері Тупенова Бағдаш Әбдіжәмиқызымен кездесу өткізді

27/09/2017

Қобда аудандық сотының төрағасы А.Анарбаев  «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығы мұражайының  директоры,  мәдениет қайраткері  Тупенова Бағдаш Әбдіжәмиқызымен  Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласын талқылау шеңберінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыбындағы кездесу өткізді. 

Жедел кеңес өткізілді

27/09/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың  9 айдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді. Аталған кеңеске сот ұжымы қатысты.

Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі

27/09/2017

Мұғалжар аудандық сотында  «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға Мұғалжар аудандық сотының судьялары Ж.М.Сейтжапаров, Н.Е.Кендирбаева, «ҚР ардагарлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Мұғалжар аудандық филиалының төрағасы, Мұғалжар аудандық мемлекеттік мұрағатының директоры, «Нұр Отан» Партиясының Мұғалжар аудандық филиалының аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі, аудандық прокуратураның өкілдері және кәсіби медиатор А.Д.Казиева қатысты.