Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында  «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға Мұғалжар аудандық сотының судьялары Ж.М.Сейтжапаров, Н.Е.Кендирбаева, «ҚР ардагарлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Мұғалжар аудандық филиалының төрағасы, Мұғалжар аудандық мемлекеттік мұрағатының директоры, «Нұр Отан» Партиясының Мұғалжар аудандық филиалының аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі, аудандық прокуратураның өкілдері және кәсіби медиатор А.Д.Казиева қатысты.

Шара  барысында судья Ж.М.Сейтжапаров  Елбасы ұсынған мақаланың негізгі бағыттарына шолу жасады. Сондай-ақ, ол аталған мақалада мемлекетіміз мықты, біртұтас ел болуы үшін болашаққа қалай қадам басу жолдары ұсынылғандығын айтып, еліміз рухани жаңғыру арқылы біртұтас ұлт болуға, жаңа көлемді міндеттерді алып отырғандығын тілге тиек ететіндігі және латын әліпбиіне көшетін күнде алыс емес және қазақ тіліне арналған жаңа латын әліпбиінің нұсқасы әзірленуде екенін айтып өтті.

Шара барысында судья Н.Е.Кендирбаева, жетекші маман А.Сатканбаева «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты тақырыбында баяндама жасады.

Баяндамашылар мақала аясында айқындалған болашақта жасалатын жоспарларды, нақты жобаларды жүзеге асыруға, ел бірлігін нығайтуға бағытталған жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің тиімділігін, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан шараларды атап өтті.Дөңгелек үстелге қатысушылар Елбасының мақаласына байланысты атқарылуға тиіс жұмыстарға тоқталып, ол жұмыстарды іске асыру жолдарын талқылады.

Іс-шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасты. Судьялар  қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі