Архив событий

20/09/2017

20 тәулік камақ алу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды

20/09/2017

Ырғыз аудандық сотымен  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы, 6-бөлігімен (608 баптың 1, 2, 3 бөліктерінде көзделген, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттер) азамат Ж.-ға қатысты іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес 12.09.2017 ж. сағат 13-35 шамасында  Ж. көлік құралдарын басқару құқығы жоқ адам бола тұра «МТЗ-80» маркалы тракторын алкогольді  масаң күйінде  басқарып,  келе жатып, алкогольден масаң күйіндегі Р.  басқаруға берген.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған

20/09/2017

Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігі бойынша  (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) құқық бұзушы Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.                                         

Азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісім жасалған

20/09/2017

Әйтеке би аудандық  сотында талапкер С.-ның жауапкер Т.-дан қарыз өндіру  туралы талап арызы бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс құжаттарына сай талапкер С. жауапкер Т.-дан 17 000 теңге қарыз өндіру туралы сотқа арыз жолдап, арызында жауапкер Т. талапкерден 42 000 теңгеге ұялы телефон алып, оның 25 000 теңгесін беріп,  қалдық 17 000 теңге қарызын 2017 жылдың 19 тамызында қайтаратын болып міндеттеніп, осы күнге дейін бермеген.

«Медиация заңының жалпы тәртібі, азаматтық және қылмыстық сот өңдірісі шеңберіңдегі медиация» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

20/09/2017

Ырғыз аудандық сотында «Медиация заңының жалпы тәртібі, азаматтық және қылмыстық сот өңдірісі шеңберіңдегі медиация», тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысында судьялар, аудандық прокуратураның прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, мемлекеттік сот орындаушысы және аудандық газетінің бас редакторы – кәсіпқой емес медиатор қатысты.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/09/2017

Қарғалы аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) азамат С.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Азамат С.  қылмыстық іс әрекеті салдары нәтижесінде, жәбірленуші А. 5 000 теңге материалдық зиян келтірген. Сөйтіп, С. бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, яғни Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасаған.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

20/09/2017

Қарғалы аудандық сотында талап қоюшы МҚК «Б» -нің жауапкер Д.-дан бережақ өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Азаматтық іс құжаттарына сәйкес талап қоюшы МҚК «Б» сотқа талап қою арызын беріп, жауапкер Д.-дан 48 494 теңге коммуналдық қызмет көрсетуге байланысты бережағын және 120 теңге пошта шығынын өндіруді сұрап сотқа жүгінген.

Сот отырысы залында тәртіп бұзғаны үшін ескерту берілді

20/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2017 жылғы 20 қыркүйекте, Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының сот отырысы залында, өзіне қатысты істі қарау барысында, сот отырысы кезінде тәртіпті бірнеше рет бұзып, судьяның ескертпесін елемеген, яғни осы әрекетімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, сөйтіп ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653 бабының 1-бөлімінде (сотты құрметтемеушілік, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан көрiнген әрекеттер) көрс