Архив событий

06/09/2017

Дөңгелек үстел өткізілді

06/09/2017

2017 жылдың 06 қыркүйек айында Мәртөк аудандық өлкетану мұражайының ғимаратында «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына аудандық сотының судьялары, сот мамандары, өлкетану мұражайының қызметкерлері, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілі,  ҮЕҰ-дың өкілдері, тарихшылар, «Мәртөк тынысы» газетасының тілшісі қатысты.

МЕҰ кездесу өткізілді

06/09/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе жетекші маманы  Р.Т.Жакина «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» БҰ өкілдерімен кездесу өткізді. «Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамы» БҰ-ның қызметкерлері арасында «Сот кабинеті» және «Сall-орталығы» сұрақтары талқыланды.

Жол ережесін сақтай біл!

06/09/2017

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен сотталған З. қатысты қылмыстық іс қаралды. 

2017 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫ БОЙЫНША БАСПАСӨЗ-МАСЛИХАТЫ

06/09/2017

Әйтеке би  аудандық сотында сот төрағасы А.Әбдіров  2017 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатына «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраев қатысты.

Әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/09/2017

Мәртөк  аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқыбұзушылық туралы Кодексінің 434 бабы 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) бойынша айып тағылған Мәртөк ауданының тұрғынын кінәлі деп таныды.