Архив событий

28/09/2017

Тиісті рұқсатсыз алькоголь өнімін сатқаны үшін жеке кәсіпкер жауапқа тартылды

28/09/2017

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабының 1-бөлімімен (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Медиация – дауды шешудің кілті

28/09/2017

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Кунаева , Ембі қалалық кітапханасында Мұғалжар аудандық прокуратурасының прокуроры және кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Медиация – дауды шешудің кілті» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Халыққа қызмет көрсету орталығында семинар кеңесі өткізілді

28/09/2017

Ойыл аудандық сотының  кеңсе меңгерушісі Г.Ш.Танкиева Ойыл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында «Әкімшілік істерді сот кабинеті арқылы жіберудің мәселелері» тақырыбында семинар кеңісін өткізді.

Семинарға Ойыл аудандық ішкі істер бөлімінің және Ойыл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қатысты.

1 қазан – халықаралық қарттар күні

28/09/2017

1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсанында, Ырғыз аудандық сотында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында сот ұжымы Ырғыз ауылының қарт анасы 80 жастағы К.М. Сәулебаева әженің отбасында болып қайтты.

Сот төрағасы А.Бисенғали қарт зейнеткерді мерекемен құттықтап, денсаулық, ырыс-береке және бейбіт аспан тілеп, сот ұжымының атынан сый-сыйапаттар табыс етті.