1 қазан – халықаралық қарттар күні

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесі қарсанында, Ырғыз аудандық сотында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Шара барысында сот ұжымы Ырғыз ауылының қарт анасы 80 жастағы К.М. Сәулебаева әженің отбасында болып қайтты.

Сот төрағасы А.Бисенғали қарт зейнеткерді мерекемен құттықтап, денсаулық, ырыс-береке және бейбіт аспан тілеп, сот ұжымының атынан сый-сыйапаттар табыс етті.

Сондай-ақ, сот төрағасы ұйымдастырылып отырған акция жалғасын табатынын айтты, өз кезегінде қарт-әже сот ұжымына алғыс сөздерін жаудырып, батасын берді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі