Архив событий

21/09/2017

Ойыл аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

21/09/2017

Ойыл аудандық сотында азаматтық істер бойынша іс жүргізуде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру нәтижелерін талқылау жөніндегі  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот мамандары,прокуратура өкілі, Ойыл  ауданының мектептерінің кәсіби емес медиаторлары қатысты.

Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде, яғни 2017 жылғы ақпан-шілде айлары аралығында Ойыл аудандық сотымен  20 азаматтық іс  пилоттық жоба шеңберінде қысқартылған.

Облыс соттарында «Ашық есік күні» өткізілді

21/09/2017

Қобда    аудандық    сотында    кезекті    «Ашық есік күні»    өткізілді.

Аталған іс-шараның аясында Қобда  аудандық сотының төрағасы  А.Т.Анарбаевтың  ашық есік күнінде аудан тұрғындары  неке және отбасылық заңнамасы бойынша,  кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіруге тиесілі, қарыз өндіру және сот актілерінің орындауы жөнінде сұрақтарымен жүгінді.

Сот  төрағасы А.Т.Анарбаев аудан тұрғындарын тыңдап,  қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сәйкес түсініктер беріп, барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сотпен бітімгершілік келісімі бекітілді

21/09/2017

«Б» ЖШС-гі Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Н» ЖШС-нен  6 962 485 теңге берешек сомасын, 696 249 теңге тұрқсыздық сомасын және сот шығындарын  өндіру туралы талабымен жүгінді.

Тараптар арасында келесі шарттармен бітімгершілік келісімі бекітілуіне байланысты азаматтық іс тоқтатылды: «Н» ЖШС-нің талапты толық көлемде мойындауына, «Б» ЖШС-нің алдында берешігінің бар екендігін жоққа шығармайтындығын назарға ала отырып, жауапкер талап қоюшыға толық төлемді келесі тәртіпте жасауға міндеттенеді:

Жедел кеңес өткізілді

21/09/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың 9 айдың жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді. Аталған кеңеске сот ұжымы қатысты.

Заңсыз балық аулау

21/09/2017

Хромтау аудандық сотымен И-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 383-бабының 3-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, И. 26.08.2017 жылы Хромтау ауданы Жосалы өзенінде тиісті рұқсат құжатынсыз, аулауға тыйым салынған аулаумен кәсіпшілік ретінде балық аулаған.

Сот отырысында И. кінәсін мойындаған жоқ.

Медиациялық келісім бекітілді

21/09/2017

Мұғалжар  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен азамат А-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапкершілікке тартылды

21/09/2017

Қарғалы  аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы, 1-бөлігімен (сотты құрметтемеушiлiк) азамат А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес  азамат А. тағайындалған сот процесіне тиісінше хабарлау ала тұра 25 минутқа кешігіп келген, сөйтіп ол сотқа құрметтемеушілік көрсеткен.