Архив событий

18/09/2017

Татуластыру рәсімдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

18/09/2017

Мәртөк ауданында медиацияны әрі қарай дамыту жұмыс жоспарын орындау мақсатында    2017 жылдың 18 қыркүйегінде Мәртөк аудандық сотының судьясы Е.А.Нуршарыпов  Халық банкінің Мәртөк аудандық бөлімінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыс соттарында сенбілік өткізілді

18/09/2017

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жалпықалалық екі айлық сенбілік аймағы негізінде сот аумағында сенбілік өткізілді.

Сот ғимаратының және оған қатысты аумақтың санитарлық күйін дұрыстау және күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында, сот ұжымы күл-қоқысты жинап, талдар мен гүлзарлардың жерін көтеріп, белсенді жұмыстар жүргізді.

Сенбілік барысында сот аумағы қурап қалған жапырақтардан, талдардан және қоқыстардан тазартылды.

«Үкім шығаруда жаза тағайындау тәжірибесі» тақырыбында брифинг өткізілді

18/09/2017

Қобда аудандық сотында сот төрағасы А.Т.Анарбаевтың жүргізуімен  және жергілікті «Қобда» газетінің тілшісі А.Егізбайдың қатысуымен «Үкім шығаруда жаза тағайындау тәжірибесі» тақырыбында брифинг өткізілді.

Мемлекет жазаның ұғымы және мақсатын белгілеу барысында жаза тән азабын және адамның қадiр-қасиетiне зиян келтірмеу керектігін белгілейді. Адам, оның өмірі, құқығы және бостандығы жоғарғы құндылығы деп белгілеп, мемлекеттік қылмыстық саясатын ізгілігі деп көрінеді.

«Оқушылар сарайында» кездесу өткізілді

18/09/2017

Шалқар аудандық сотының судьясы С.О.Дәріқұлова, кеңсе бас маманы А.Бекмурзина   Шалқар қаласындағы «Оқушылар сарайында»  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Діни экстремизм»  және «Гендер саясаты туралы», «Сот кабинеті сервисі» және «Сотты құрметтемеушілік» тақырыптарында   кездесу өткізді.

Кездесуге  бөлім  басшысының орынбасары  мен қызметкерлері  қатысты.

«Мұрагерлік дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

18/09/2017

2017 жылғы қыркүйекте Ақтөбе қалалық сотының оқу орталығында Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Раимкулованың ұйымдастыруымен Ақтөбе қалалық сотының судьялары, Ақтөбе облысы бойынша нотариустар С.Балпеисова, О.Наватова, А.Ергалиева, А.Бисембиева, Г.Алдашеваның қатысуымен «Мұрагерлік дауларды медиация тәртібімен шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.