Облыс соттарында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қобда    аудандық    сотында    кезекті    «Ашық есік күні»    өткізілді.

Аталған іс-шараның аясында Қобда  аудандық сотының төрағасы  А.Т.Анарбаевтың  ашық есік күнінде аудан тұрғындары  неке және отбасылық заңнамасы бойынша,  кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіруге тиесілі, қарыз өндіру және сот актілерінің орындауы жөнінде сұрақтарымен жүгінді.

Сот  төрағасы А.Т.Анарбаев аудан тұрғындарын тыңдап,  қолданыстағы заңнамалардың нормаларына сәйкес түсініктер беріп, барлық қойылған сұрақтарға жауап берді.

 Ашық есік күнінің өткізілу мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігінің қол жетімділігі болып табылады.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, сондай-ақ сот төрелігіне қол жетімділік мақсатында «Ашық есік» күні ай сайын және азаматтарды қабылдау күні апта сайын дүйсенбі күні сағат 09.00-18.00 аралығында әр түрлі сұрақтар бойынша өткізіледі. 

Төраға м.а. Ж.Кунаева өткізілген «Ашық есік» күнінде Ембі қаласының тұрғыны азаматша Б. әжесінің қайтыс болуына байланысты сұрағымен келіп, оған қолданыстағы заңнамаға сай түсініктеме берілді. 

Сонымен қатар даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтылды.

 Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 2017 жылғы 20 қыркүйегінде халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту, жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны түсіндіру және ақпараттандыру мақсатында  ашық есік күні өткізілді.

Төраға міндетін атқарушы А.Жүсіпов қабылдауында  болған заңды тұлға өкілдеріне медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтудің кезекті қадамы болып табылатын жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру бойынша  ақпарат берді.

Кездесу барысында сот төрағасы міндетін атқарушы қатысушыладың барлық қызығушылық туғызған сұрақтары бойынша тиісті жауаптар қайтарды.

Мұғалжар аудандық сотында сот төрағасы С.З.Тасымбетовпен «Ашық есік күні» өткізілді. 

Сот төрағасы С.З.Тасымбетов азаматтардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер беріп, даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтты.

Сонымен қатар, төраға С.З.Тасымбетов  «Ашық есік күні» іс-шарасында қатысушылардың барлық сұрақтарына толық жауап берілуіне аса мән беріліп, тиімді жұмыстар атқаруды мақсат етіп отырғанын атап өтті.  

Қабылдау аяқталғаннан кейін қала тұрғындары сот төрағасына ашық есік күнін өткізгені үшін ризалығын білдірді.

Алға  аудандық сотында қала және аудан тұрғындары үшін сот қызметі жөніндегі сұрақтар бойынша ашық есік күні өтті.

Аудандық сотта тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сондай-ақ сот әділдігіне қол жетімділігін жеткізу мақсатында ашық есік күндері және жеке қабылдау жүргізіліп отырады.

Шара барысында сот төрағасының міндетін атқарушы Ж.С.Исаналина  жеке қабылдау өткізді.  Азаматтардан азаматтық істерді қарау тәртібі, соның ішінде некені бұзу және  кәмелетке толмаған балаларын асыру үшін нәпаха өндіру туралы сұрақтар түсті.

Азаматтардың қойылған барлық сұрақтарына заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді, сонымен қатар, даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтылды.

                                                                            

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі