Архив событий

29/09/2017

Хромтау аудандық сотының ұжымы «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында зейнеткерді құттықтады

29/09/2017

Хромтау аудандық сотының ұжымы төраға А.Балмұханов, кеңсе меңгерушісі А.Таргенованың тараптарынан Хромтау қаласы зейнеткер Панабеков  Қангерейды  1928  жылы туылған зейнеткерді лебіздерін білдіріп және есте қалар сыйлықтарын сыйлап Қарттар күнімен құттықтады.

Сот ұжымы  зейнеткер  Қ.Панабеков көп  жылы сөздерін айтып, естілік сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде, қадірменді қариялар да ерекше ықылас танытқан ұйымшыл ұжымға шексіз алғыстарын жеткізіп, еселі еңбектеріне толағай табыс тіледі.

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының ұжымы «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында сот жүйесінің ардагерін құттықтады

29/09/2017

Мұғалжар  ауданының №2 аудандық  сотының ұжымы  Халықаралық «Қарттар күні» мейрамы қарсанында  Ембі  қаласында тұратын сот жүйесінің ардагері, атап айтқанда   сот жүйесінде 25 (жиырма бес) жылдан астам  енбек еткен, 1985-2004  жылдары  кеңсе  меңгерушісі, 2004-2009 жылдар аралығында жетекші  маман болып жұмыс істеген Нурашева Бибизада Жангужиновнаны халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, сыйлықтар сыйлады.

Ювеналдық сотының қызметкерлері Кеңес Одағы батыры Әлия Молдағұлова атындағы мұражайға барды

29/09/2017

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында және өскелең ұрпақтың рухани адамгершілігін, мәдени тәрбиесін, патриоттық сезімін арттыру мақсатында Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен сот қызметкерлері Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлім прокурорының және Ақтөбе қаласы №2 орта мектебінің оқушыларымен  Ақтөбе қаласында орналасқан Кеңес Одағы батыры Әлия Молдағұлова атындағы мұражайға барды.

«Мектептегі медиация: мүмкіндігі мен келешегі» атты өңірлік семинар өтті

29/09/2017

Қарғалы аудандық сотының ұйымдастыруымен  «Мектептегі медиация: мүмкіндігі мен келешегі» атты тақырыпта өңірлік семинар  өтті.  

Аталған шараға Ақтөбе облыстық сотының судьясы-медиация бойынша үйлестіруші Б.Ш.Алматова, аудандық сот төрағасы Н.О.Аманкулова, аудандық білім бөлімінің басшысы И.Б.Сакауова, Мәртөк және Алға аудандырынан келген медиаторлар, жергілікті ауылдық округ медиаторлары, білім ордаларының мұғалімдері және басшылары, ҮЕҰ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.  

«Медиация туралы» тақырыбына өткен дөңгелек үстел

29/09/2017

Шалқар аудандық сотында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы заңы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Оған Шалқар  аудандық прокуратура және аудандық тілдер дамыту бөлімінің қызметкерлері   қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – заңдағы жаңа өзгертулер, қазіргі заң талабына сәйкес  сот отырысында медиация тәртібімен бітімгершіліктің рөлі, азаматтық істердің медиация тәртібімен шешілуін талқылау болды.

Ювеналдық соттағы партисипативтік келісім

29/09/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында талап қоюшы Б.-ның жауапкер Г.-ға кәмелетке толмаған баланың әкелігін тану және алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Қазақстан Республикасының азаматтық процессуальдық кодексінің 181-бабына сай тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтініш хаты мәлімдеуге құқылы.

Алкоголді мас күйінде көлік құралын басқарған

29/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ц.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ тұлға бола тұра,  2017 жылғы 16 қыркүйекте, 00 сағат 10 минут шамасында, Ақтөбе қаласы, Иманов көшесіндегі №27 үйдің қарсысында, алкоголді мас күйінде «Ваз 21099» маркалы көлік құралын басқарған, яғни жол қозғалысы ережесінің жүргізушіге көлік құралын мас (алкоголді, есірткімен немесе басқа да) күйінде басқаруға тыйым салатын талабын орындамай, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608 бабының 6 бөлімінде (көлік құралдарын ба

Немересімен араласу тәртібін айқындау туралы дау сот медиация тәртібімен шешілді

29/09/2017

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлыған ауданаралық сотында талап қоюшы Ж.-ның жауапкер Б.-ға кәмелетке толмаған немеремен араласу тәртібін айқындау туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Алдын-ала сот отырысында тараптар сот медация тәртібін өткізуді өтініш етті.

Іс өндірістен тоқтатылмай, тараптардың өтініші бойынша төрағалық етушімен,  сот медиация тәртібі өткізілді.

Тараптардың медиация тәртібімен реттелген келісім шарты бойынша:

Көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарған

29/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен азамат М. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590 бабының 4-бөлімімен (көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару)  кінәлі деп танылып 45 380 теңге әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жылдамдықты асырғаны үшін жауапталды

29/09/2017

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасақталған азамат C.-ның өтініші бойынша оған қатысты әкімшілік іс қаралды.         

Сома өндіру туралы дау медиация тәртібіиен реттелді

29/09/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «В» ЖШҚ-ы «С» ЖШС-нен сома өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

Азаматтық іс медиациялық келісімнің келесі шарттарда бекітілуіне байланысты қысқартылды:

Сома өндіру туралы азаматтық іс қаралды

29/09/2017

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «Б» ЖШС-нің «Р» ЖШС-не талап арызы және «Р» ЖШС-нің «Б» ЖШС-не қарсы талап арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды

29/09/2017

Байғанин аудандық сотында А.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 149-бабының 2-бөлігімен (Түнгi уақытта тұрғынжайға онда тұратын адамның еркiнен тыс заңсыз басып кiру) қылмыстық іс қаралды.

Істің материалдарына сәйкес, 04.09.2017 ж. жергілікті уақытпен 23 сағат 30 минуттар шамасында Ж.А. алкогольдік масаң күйінде өзінің ауылдасы С.-ның үйінің терезесі арқылы, оның еркінен тыс заңсыз басып кіріп, тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзған.