Тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлімімен (ұрлық) азамат Т.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық істің құжаттарына сай, аз.Т. 26 тамыз 2017 жылы, пайдакүнемдік ниетте, бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында Мұғалжар ауданы Жем қаласында, азаматша Д.-ға тиесілі «NOKIA X-2» маркалы ұялы телефонды жымқырып,  оған  16 000 теңге мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында жәбірленуші аз. Д. қылмыстық әрекет салдарынан келтірген зиянды сотталушы Т. өтегендіктен және сотталушымен медиация тәртібімен татуласқандықтан істі қысқартуды көрсеткен.

Сот қаулысымен, ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлімімен қылмыстық жауаптылыққа тартылған аз.Т ҚК-нің 68 бабының 1 бөлімінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, тараптардың  медиация тәртібімен татуласуына байланысты, қылмыстық іс өндірістен  қысқартылды.   

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі