«Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында «Сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға  судья Ж.Кунаева, кеңсе  меңгерушісі А.Кушкенбаева «Ембі қаласы әкім аппараты» ММ-нің өкілдері, ҮЕҰ, кітапхана қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында судья Ж.Кунаева, мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып  табылатынын айтып өтті. Қазақстан Республикасында барлық тілдер мен мәдениеттердің дамуына қолайлы орта мен жағдай жасалып, жақсы жолға қойылғандығын, мемлекеттік тілді дамыту – осы мемлекетте тұрып жатырған әр азаматтың қасиетті борышы және негізгі міндеттерінің бірі екендігін, еліміз егемен мемлекет атанған уақыттан бастап қазақ тілін дамытуға мемлекет тарапынан үлкен көңіл бөлінетіндігін,  «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданып, нақты іс-шаралар жүзеге асырылып жатқандығын, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қазақ халқының тіл білімі және ғылымы саласында көптеген еңбектер жасалып, сол еңбектер қазірдің өзінде халықтың игілігіне пайдаланылып жатқандығын  айта келе, аталған  тақырыпты  жан-жақты зерделеуді, оның жүзеге асырылуына  барлық мүмкіншілікті пайдалануды тапсырды.

Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар  өзара пікір алмасып, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі