Мәртөк аудандық сотының ұжымы «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында сот жүйесінің ардагерін құттықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарттар күні – мейірім мен шуаққа толы айтулы күн. Бұл күні біз қарттарымызға деген қамқорлығымыз бен құрметімізді барынша тағы бір мәрте көрсетуге, ерекше ілтипат танытуға тырысамыз. Өскелең ұрпақ үшін әр салада өзіндік қолтаңбасын қалдырған көнекөз қарияларымыздың орны ерекше.  Аталмыш мерекенің мәні де осында жатса керек. Әлеуметтің назарын егде жастағы жандардың бүгінгі тіршілігін мазалаған мәселелерді шешуге және демографиялық қартаю, әлеуметтік және жеке қажеттіліктері,  оларға деген қарым-қатынасты түзету, әлеуметтік тірлікке араласуға мүмкіндік жасауды қоғамнан тыс қалдырмау керек.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тағылымдарының орны бөлек. Себебі, әрқайсыларының облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестері мен еңбектері ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларды өсірді. Бүгін, еңбектерінің зейнетін көріп отырған шақта да ұрпақтарына игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емес.

 Халықаралық «Қарттар күні» мейрамы қарсанында  Мәртөк аудандық сотының ұжымы  Мәртөк ауылында тұратын сот жүйесінің ардагерлері, атап айтқанда   сот жүйесінде 40 жылдан астам  енбек еткен, 1954-1994 жылдар аралығында хатшы болып істеген Мария Никитична Киньконы халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, сыйлықтар сыйлады.

Сот ұжымы сот жүйесінің ардагерлеріне көп  жылы сөздерін айтып, естілік сыйлықтар табыстады. Өз кезегінде, қадірменді қариялар да ерекше ықылас танытқан ұйымшыл ұжымға шексіз алғыстарын жеткізіп, еселі еңбектеріне толағай табыс тіледі.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі