Кәмелетке толмаған балалардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін заңды өкілдердің жауаптылығы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435- бабымен  азаматша Р.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкімшілік іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 18 тамызында азаматша Р. кәмелетке толмаған 2001 жылы дүниеге келген ұлы С.-ның ұсақ бұзақылық жасауына жол берген, яғни кәмелетке толмаған С. қоғамдық орнында шылым шегіп, оның тұқылын жерге тастап, яғни  ортақ пайдалану орындарын ластап, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматша Р. кінәсін толығымен мойындап, істеген әрекетіне шын жүректен өкініп, алдағы уақытта аталған құқықбұзушылыққа жол бермейтінін айтты.

Сот қаулысымен  құқық бұзушы Р.-ды Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабымен кінәлі деп танып, оған  7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 15 883 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Сот жеңілдететін мән-жайды, атап айтқанда кінәлі адамның өкінуін басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 819-бабының 2-бөлігін қолданып, тағайындалған айыппұлдың жалпы соммасын 30 пайызға  қысқартып, Р.-ға түпкілікті 11 118 тенге әкімшілік айыппұл салып, мемлекет пайдасына өндірді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі